Posted in

ЖҮЙКЕ (ЖҮЙКЕСІН) ТОЗДЫРДЫ

Жанына ауырлық түсіп, титықтады, қажыды. ~ Жалпы идиотизм мен графоманияның психологиясын түсіндіріп беру мүмкін емес. Сондықтан бұндай нәрселерге жүйке тоздырып керегі де жоқ шығар. Т.Әс. ~ Таңертең бас көтермей отырып сот “істерімен” танысу, одан соң түске дейін екі сағат мұздай сіресіп сот процесінде отыру секілді күні бойғы жүйке тоздыратын жұмыстан кейін кітап оқу, кофе ішіп, темекі тарту, аракідік тіпті қалғып алу — ол үшін жақсы демалыс еді. Дж.Голс. ~ Менің машинамды танымаса, андағы жерде сен неғып отырсың ербиіп? Сендер-ақ жүйкені тоздырып бітірдіңдер. Мә, өзің сөйлес! Т.Сәук. ~ Сэр,– деді ол Бағиланың портретіне қарап тұрған қалпы,– тым ұсақ болмасаң етті… Ұсақ мінез адамның жүйкесін тоздырып, тез қартайтатынын білесің ғой. Кәрілік – оның жанды жері. Д.Ис.