Жынына тиді, шаршатты. ~ Тіледі, тілегенде қандай! Кәдімгі қызғанғаның қызыл итке жем болсынның кері. Енді не істейді? Төңірек қараңғылық құшағында. Осы қараңғылық жүйкесін жүндей түтеді–ай! Қ.Жиен. ~ Туғалы жылы баспананың ішінде стол басында өмірі өтіп келе жатқан Кириловқа мынау күні–түні мігірсіз суыт жүріс те тап онша ұнап келе жатқан жоқ. Соңындағы ауыр қолдың сұқты көздері де жүйкесін жүн қып түтіп жатыр. Ә.Кек. ~ Той жасаудың бірде– бір шаруасына тырнақ ұшын тигізген емес. Сөйтіп жүріп, қайдағы– жайдағыны көкіп, «ел алдына екеуміз бойымызды көрсету үшін шығамыз ба?» деп кісінің жүйкесін жүндей түтуге келгенде бар ма? Қ.Жиен.
