Мысын құртты, діңкелетті, әбден шаршатты. ~ Өзгем өзге ғой «Ағатайлап» жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып, орыстарға ұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді?.. Ж.Айм. ~ Тас қауып, шақ – шұқ шаңқылдаған осы бір қара кетпен – ақ оның миын жеп бітірді. “Күнде қалай аңғармай жүргем” — деп ойлады қыз. “Жүйкені құртатын неме екен ғой өзі”. Қ.Ысқ. ~ Үлкен шаһардың ың-жыңға толы асығыс өмірі жүйкесін әбден жұқартып тастаған ба, әйтеуір ел ортасына жеткелі бері арқасын кеңге салып, пейілді жүр. О.Сәрс. ~ Оның үстіне Аюлының әуресі де жүйкені жейін деп тұр ғой. Қ.Ысқ.
