Асқан жылдамдықпен шаба жөнелді, құстай ұшты, ағызды. ~ Жүйрік аттай жүйткіген бүгінгі уақыт-мезгілде, ел жайын ойлап тебіренгенде, оның игі-жақсыларының есімдерін ілтипатпен атап, шексіз құрметімізді арнайтынымыз белгілі. Р.Хал.
Шабытына мінді, бауырын жаза шапты. ~ Айдап келіп берерсің, Алдыңдағы малыңды. Малың түгіл барыңды. Жүйрік аттай көсілсем, Көре алмассың шаңымды. Сүйінбай. ~ Екі келін түсірдім, Көңілімді өсірдім, Екі дүркін той жасап, «Келінжан» деп ән шырқап, Жүйрік аттай көсілдім. Байлаулы малдай шешілдім. Кенен.
