Posted in

ЖҮКТІ СИЫРДАЙ КИМЕЛЕДІ

Бөліп-жарып алға ұмтылды, орынсыз килікті. ~ Соның өзінде де жүкті сиырдай кимелей жүріп, ілгекті зорға ағытып сыртқа шықты да, сасқалақтаған қалпы көршілес тұратын екінші күзетшіге жөнелді. Е.Мұх. ~ Оу, жүкті сиырдай кимелеп сен қайда барасың? Сенің орның ана босаға жақта. Жанұзақ оның сөзін елең құрлы да көрген жоқ. Жұмаш пен Баймырзаның арасында сынадай қыстырылып, отырып алды. Қ.Жұм.