Posted in

ЖҮН ЖЕП, ЖАБАҒЫ ТЫШТЫ

Азып-тозды, жүнжіп кетті. ~ Бірақ әлдебіреулер сияқты басына түскен қиындыққа шыдай алмай жүн жеп, жабағы тышады екен деп ойлама. О.Көш. ~ Өзіміз біреу жүн жеп, жабағы нетіп жүрсе де үндемейміз, айналайын. Н.Дәу. ~ Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні жайылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» — деген сөзді айтысады-мыс. Сонда сиыр айтыпты: «Қалың қорық — нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем». Қой: «Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем». ҚАӘ.