Posted in

ЖҮРЕГІМЕН АЛЫСТЫ

Сезімін тізгіндеуге талпынды, сабыр сақтауға тырысты. ~ Дүрсілдеген жүрегіммен алысып бейғам тұрған шақта, «тиыштал!» деген дауыс саңқ ете түсті. С.Мұқ. ~ Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан Ноянның жүрегінде ұшқын туған. Сол ұшқын өртке айналып, жап-жас Ноян Алысып жүрегімен, аласұрған. М.Жұм. ~ Өн бойымның өлең бе әлде киесі? Мен еместей. Мына жанның иесі. Жұдырықтай жүрегімен алысқан. Періште емес. Пері де емес күй осы. Т.Қаб.