Posted in

ЖҮРЕГІ ШЫМЫРЛАДЫ (ШЫМЫР ЕТТІ)

Көңілін әлдебір сезік, үрей не басқа бір төтенше ой, сезім бұзып жіберді; түршігіп кетті. ~ Ларридің бұл көзі өз көзі емес секілді. Киттің жүрегі шымырлап кетті — тек үлкен бақытсыздыққа, нағыз кесепатқа душар болған адам ғана осылай қарайды. Дж.Голс. ~ Бұл жауап Анажарға қақ маңдайынан соғып жібергендей әсер еткені сонша ә дегенде тынысы тоқтап, тіл-ауыздан қалды. Тынысы оралған соң көзі қарауытып, басы шыңылдап, жүрегі шымырлап қоя берді, бірақ әлі де тілге келе алмады. Е.Әл. ~ Зухраның қобыраған қалың шашына тұмсығын көміп, хош иісті құшырлана жұтпақшы еді, елжіреп, елбіреп еңкейе берді де дәл маңдай тұстан жіңішкелене ақсиған ақ шашты көріп, жүрегі шымыр етті. Т.Сәук. ~ Жүрегі шымыр етті мұны көріп, Қайнады зығырданы жыны келіп. Қорлыққа шыдай алмай жер астында, Жатқандай жеті атасы күңіреніп. Н.Айт.