Қыспаққа алды, жан жүрегін езіп, таптады, қорлады. ~ Жүрегімді менің жаншыған ауыр күдіктен арылсам деген үмітпен жаныңа келдім сенделіп ессіз жүріп мен, үміткерлерім, мені осындай деп біліп пе ең?! Ф.Оң. ~ Түсте көрген тұлпарым Таптырмай кетті әбден-ақ. Жас жүректі жаншыды, Қиялға тұлпар ұялап. Жамб. ~ Неге-неге осынша алыстадық, Өліп-өшкен жүректі жаныштадық. Сен отырсың жігіттік өрлігіңмен Иілуге алдымда намыстанып. Ф.Оң. ~ Баламның, әйелімнің «Қазақстанға көшейікші» дегені жүрегімді тіліп жіберді. Жүрегім сыздап, денем мүздап жүріп берді. Қазақстанның аты осындайда аталуы жүрегіңді жаныштамай, жаныңды жалаңаштамай тұра ма? Қазақстан ғой ол, қазақ елі ғой ол. Б.Қыд.
