Posted in

ЖҮРЕГІН ЖАРАЛАДЫ

Көңіліне қаяу түсірді. ~ Ол көріп- білгенінің бәрін маған айта бермейтін, мүмкін жас жүрегін жаралап, ауыр әңгіме айтып қайтейін дейтін де шығар. О.Бөк. ~ Қалай қысылсам да, кемпірдің көңілін қайтармай, онсыз да дімкәс жүрегін жараламай, тығырықтан аман шығуым керек. Ә.Асқ. ~ Қоштаспай кетіп, жүрегін жаралағаныңды өзің сеземісің. С.См.