Posted in

ЖҮРЕГІН ЖАРЫП ШЫҚҚАН

Көкей тескен, жан жүректен шыққан асыл сөз, ән д.м. ~ Күлімсіреп, жылы шырай танытып, Исаға кетерінде: – Сенің «Бике» әніңді міндетті түрде әндер жинағына қосамын. Әнде толқытатын, тебірентетін аңсау мен сағыныш бар. Жүрегіңді жарып шыққан әуен екені сезіліп тұр, – деді. А.Жақ. ~ Халқының сезімтал жүрегін жарып шыққан “Елім – айы” сол жұртының ілкідегі барлығын, бұрынғы бауырмалдығын көксейтін сезімтал жүрегіне мәңгілік ұялады. С.См. ~ Оны көргенде дәрігер бірден «Басына операция жасады ма екен?» деген жүрегін жарып шыққан асық ойды алға сап жіберді. Қ.Түм. ~ Ақбала мына әнді қанша тыңдаса да, Әлима қыз аузымен айтылған бар зар бүның өз жүрегін жарып шығып жатқандай. Ә.Нұрп.