Posted in

ЖҮРЕГІ АЙНЫДЫ

А) Жек көрінішті, жағымсыз көрінді. ~ Кілем түскен бе, бірін- бірі жұлқылап итеріп- таласып жатқан халықтың мына әрекетінен жүрегі айныды. С.См. ~ Алғашында қаракөл қойын бақты. Сонда лас тірліктен жүрегі айнып‚ малға деген біртүрлі аяушылық сезімі оянып‚ колхоз бастығына қайда- қайта барғыштап жүріп‚ саулық қой алды. Қ.Түм. ~ Осы мәжілісті ұйымдастырып отырған Ерғазының, қылығы бір мезет Дәниелге өте жексұрын боп көрінді. Жүрегі айнып кетті. І.Ес.
Ә) Жүрегі лоблып, құсқысы келді. ~ Жаңабай кірпияз кісі болатын. Жүрегі айнып арбасына қарай жүрді. Албасты қатын… жемтік, борша борбай… көз алдында тұрғандай… Ж.Айм. – Тоқта! Әйелдің жарықшақтанған даусы естілді. Жігіт кенет жүрегі айнып құсып жіберді. Қ.Мүб.