Демалысы қиындады, алқынды: жаны қиналды. ~ Баласының өліміне тағдырдың жазуы деп лажсыз көнсе де, көңіл түкпірінде өмірден осы күйімше қу бас өткенім бе деген ой пайда болғанда үрей дауылы аяқ-қолын жерге тигізбей жүрегі қысылды. Т.Әбд. ~ Қара мұрттың бетi сұрланған, көзi қанталап, танаулары желбiреп қозғалған icпeттeндi. Аяқ басуы қатаң, Ақбiлекке ұнамайды, жүрегi қысылып, өкпeci аузына тығылып барады. Ж.Айм.
