Көңілі өрекпіп, қатты толқыды, жүрегі алып-ұшты. ~ Қайығыма біреу мінгелі жатқан іспетті. Қалың тұман қаптаған өзен бетінде жан шошырлық неше алуан мақұлұқ жан-жағымнан анталап ұшып жүрген іспетті. Шеке тамырым солқ-солқ етіп, жүрегім аттай тулады. Тұншықтым, басым айналды. Өзеннен малтып шыққым келді. Ж.Айм. * Бірақ ләм мим деп Сәрсебек оған лебіз білдіріп көрген емес. Кездесіп қалса, жүрегі аттай тулап, басына қаны шапшып шығады. Тілі құрғыр күрмеліп, ештеңе дей алмайды. Б.Соқп. * Тамағы құрғап, қылғынып бара жатқандай болды. Галстугін сәл кеңейтіп, түймесін ағытты. Аттай тулаған жүрегін тоқтатқысы келіп, есік алдында аздап кідірді. К.Қаз. * Біреуі тіпті орамалын ысырып, құлағын есікке төсеп тұрып алды. Ақыры олардың да сыбыры өшті. Тұтан жанындағы адамның жүрегі аттай тулап жатқанын сонда сезді. Ш.Мұрт.
