Әлдебір сезім көңілін қатты толқытты, көңілі алабұртты, жүрегі жанып-күйді. ~ Жылқышы иесінің небір жүйрік атын талай мәрте жаратып, олжа салып жүргеніне алғаш рет жүрегі атқақтап, өлердей қуанды. А.Кем. ~ Неге екені белгісіз, алдынан кермаралдай керіліп Ақілгек шыға келгенде тұла бойы бір ысып, бір суып, жүрегі атқақтап соғады. С.Олж. ~ Дәулеттің жүрегі атқақтап, денесі дірілдеп кетті. «Мына бәлеге қайдан келдім» деп ойлады. Е.Әбік. ~ Бұған көзінің қиығын да салған жоқ. Жанынан жылдам басып, екпіндеп өте шықты. Үстінен ашқылтым әтір иісі аңқып барады. Көңілі алабұртып, жүрегі атқақтап кетті. Бұрқ етіп қаны басына тепкен. Шеке тамыры лып-лып. Н.Сам. ~ Желге мінгендей жүрегі атқақтап, жанын желік буып барады. Өмір мен өлім деген не тәйірі! Ат үстінде арқырай өліп кетсе өкінбес! А.Кем.
