Posted in

ЖҮРЕГІ БҮЛК (БҮЛК-БҮЛК) ЕТТІ

Әлденеге қобалжыды, жүрегі қаты соға бастады. ~ Жәукенің жүрегі бүлк ете қалды. «Бәсе, бұл қу біздің үйге тегін келген жоқ деп едім ғой». С.Ом. ~ Галкин оны айтқан кезде Қазыбектің де, Мұраттың да жүрегі бүлк етті. Ә.Әб. ~ Кәрі жүрегі бүлк- бүлк етіп, әлденеден дәмелі. «Орақ оралды ма?» – дейді ғой баяғы. Қ.Ысқ.