Posted in

ЖҮРЕГІ ЖАРАЛЫ

Әлдебір қайғы-шер жанын жегідей жеген адам туралы. ~ Оққа ұшқандардың ішінде біреудің баласы, біреудің әкесі, біреудің бауыры табылып, онсыз да жүрегі жаралы ауыл у-шу азалы дауыс көтерді. С.Ел. ~ Көп ұзамай- ақ ағаш шынында да өзінің жанды сырласына, жақын жолдасына айналып кеткендей еді. Жүрегі жаралы ақынның айнымас досындай болған сол ағаш әр көктем сайын жасарып, жаңарып, жайқала берді. Ү.Жәл.