Posted in

ЖҮРЕГІ ЖАРЫЛА (ЖАРЫЛАРДАЙ) ҚУАНДЫ

Қуанышында шек болмады. ~ Агба жан- тәнімен асыға күткен келісімді ол ыммен түсіндірмей- ақ ұқты. Ұшып барып Шамның шылбырынан ұстай алды, жүрегі жарыла қатты қуанғанда жанары жасқа тұнды. А.См. ~ Әке- шешең жүрегі жарыла қуанатын болды- ау. О.Бөк. ~ Сонда Орган дыбыстың қайта тірілгеніне, қайтадан толқындар гүрілдеп, жел гуілдеп, төбеде шағалалар шаңқылдап жүргеніне жүрегі жарыла қуанғанын айтсаңшы … Ш.Айт. ~ Көз жасын сүрткіштеп отырған Қозбағар Хансұлудың қозғалғанын көріп жүрегі жарылардай қуанып кетті. С.Ел.