А) Қатты қуанды. ~ Ол хабарды естіп: «Айналайын біздің пәленше жан, түгенше екем ауылындағы ең мақтаулы келін көрінеді», – деп айдаладағы төркіндерінің жүрегі жарылар-ды. Ә.Кек. ~ «Ертең елге барған бойда ұлан-асыр той болады!» – деп жар шашады. Бөкенбай жүрегі жарылып еліне жетсе, үйі қаңырап бос тұр.Төркініне кеткен әйелі әлі келмеген. Ә.Кек.
Ә) Не істерін білмеді, дегбірі таусылды. ~ «Білмес» деп ат қойылып, енді ол шын білмес болды деп жүрген Шара Білмес сөйлеп, жай-күйін айтқанда, жүрегі жарылып не істерін білмеді. БС. ҚЕ. ~ Жарылды жүрегі оның шарасыздан. Жоқ енді сағынғанмен Сағат бізге, Күреспен өткен ғұмыр сабақ бізге. “Ақта, – деп, – ел парызын мойныңдағы!” Тарихтың төрінен тұр қарап бізге!.. Н.Айт.
