Көңіліне күдік ұялады; қобалжулы, алаңдаулы. ~ Бөркін көзіне таман баса киіп алып, көп күрсініп, өңі сұр-сұр болып, үндемей жата беретін болды. “Қашан шақырту келеді?” — деп, ажал сағатын күткендей жүрегі күпті болып, ала қол билердің кәрін күтті. М.Әу. ~ Дәмелі, Дәмелі, мына қарашы, мына жатқан құмалақ күйеу баланың жүрегі. Өй, айналайын, жүрегіңнен. Өзі жүрегі күптілеу ме қалай… Е, енді қайтсын, алғашқы қызығына келе жатқан баланың жүрегі күпті болмағанда, қайтсін. Баяғыда сені аларда менің жүрегім аяқ қаптай болған…. Ш.Айт. ~ Қанша жерден монографиясы жоғары бағаланып, небір дуалы ауыз корифейлер батасын беріп, мақтағанмен бәрібір көңілі күпті еді. Т.Сәук.
