Үрейі ұшты, кеудесіне қорқыныш ұялады. ~ Мынаны оқыған соң жүрегім тұрайын деді. Қожанасыр айтқандайын, бір күні біреу «теріні суырып алып, жүзімді айдай қылар ма екен» деп артым қып-қып етті. Ж.Айм. ~ Алыстан батырсынып келсе де, күрсілдеген, бұрқыраған зауытты, шуылдаған пойызды, жарқылдаған, қызарған, жасарған үйлерді, темірлерді, қыбырлаған мылтық асынған кісілерді көргенде жүрегі тұрайын деді. Ж.Айм. ~ Ораздың жүрегі тұрайын деді; Үйтсе де, білдірмеді; алдынан шықты. Ж.Айм. ~ Жанболат осынша неге дəйексіз? Əлде артында қуғыншы таяу ма? Əлде батырдың жүрегі тұрды ма? Болмаса, таң жақын ба? Көзге түсем деп қауіп билей ме? Жоқ. Оның бірі де емес. Ж.Айм.
