А) .Өмірден түңілді, баз кешті. ~ Ал, әлгі бір бейшара қыз… Жаңағы ыңырсу ыңырсу ма, ол енді булығып жылай бастады. Өзіне де, өміріне де разы емес біреу. Көкірегі толған өкініш. Қыжыл мен күйініштен жүрегі қарайған бір мұңлық. Н.Сам. ~ Көделіге жиналған мына қосаяқтыларға Сарқасқаның көңілі қатты қалды, жүрегі қарайып, түңіліп кетті: “кетемін, біржола кетемін!” — деп шешті ол, деп шешті де құнан күнінде бауыр басқан Қаратауына қарай көсіле тартты. Ә.Тар.
Ә) Қарны ашты, ашықты. ~ Кез келген жерден аузына іліккенін қорек етіп, қоң көтерер көктем айларында, шөп тамырынан гөрі басына шыққан жемісін талмап, әбден жүрегі қарайған кезде жайлаудағы елдің қотанына түсіп, қой- ешкіні жәукемдеп тастар жаз кездерінде ол тіпті жалғызсырамақ түгілі кездесе кеткен тұқымдастарының қасына аялдай бермейтін. К.Сег. ~ Міне, бүгін ақтық азық таба алмағандарына үшінші күн, іші» қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлім сағатын күткендей ыпыны кетіп отыр… Б.Майл.
