Аһ ұрды, өзегі өртенді, аза бойы қаза болды. ~ Жоқ қуаныш ешбір жақта, Еш нәрсе жоқ жаны сергір, Төккен жастан тым жаншылып Жүр жүрегі қарс айрылып. І.Жан. ~ Шөпті екеулеп тиеп, бір-біріне сеп. Ара-кідік қол суытқанда басқадай әңгімесі жоқ Еренсіз күйеуін жоқтайды. Бақридан-ау дегенде жүрегі қарс айырылады. Н.Дәу. ~ Енді қайтейін… Жалғызым–ау! Жалғызым едің ғой!.. — деп жүрегі қарс айрылып, есеңгіреп бетін тырнап, шашын жұлып жатқан аналарды көргенде, Қанаттың аза бойы қаза тұрды. Ғ.Сл.
