Posted in

ЖҮРЕК ЖҰТҚАН

Қорқу дегенді білмейтін нағыз ержүрек; жүрегінің түгі бар.
Көзсіз батырлық, сайыпқырандық туралы. ~ Үнемі ат үстінде жүретін жігіттері -шетінен жүрек жұтқандар. Ж.Шәк. ~ Тапа-тал түсте жылқымды айдатып алған, жүрек жұтқан қандай адам болды? Ә.Шәр. ~ Жастар жағы жаугершілік заманда жасаған Доспамбет пен Шалкиізді құлай тыңдап, еліріп кетті. — Уай, ерім-ай! – дейді Ақмырза қиқу салып.- Жүрек жұтқанның өзі ғой! Айтуын да жеткізіпті. З.Шүк.