Posted in

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Ақ көңілден шыққан шынайы тілек, мұрат. ~ Жақсылық жасау – ардың ісі. Ардың ісіне есеп-қисап жүрмейді, ол – жүрек қалауы! – дейді өмір даналығы. Ж.Аязб. ~ …мақтаныштан есіміз шығып кетсе керек, тәттіге алданған баладай далақтай беріппіз ғой, бақсақ, әркім өз арманының, өз жүрек қалауының құлы екен… О.Бөк. ~ Қыздың кімді сүюі жүрек қалауымен болатынын да ескермеген. Ү.Жәл.