Сабасына түсіп, өзіне-өзі келді, үрейін басты. ~ Е, әлі жүрегін тоқтата алмаған жұрт қой. Әйтпесе жер ойылып бара жатқан ештеме жоқ қой… Ғ.Мүс. ~ Қанипа ана құшағынан босап, жүрек тоқтатып, буынын бекітіп алды да, кешегі лайсаң оқиғаны айтып берді. С.Ом. ~ Жүрек тоқтатқан біз де оған шет жақтардан кеп көмектесе бастадық. С.Мұр.
