Posted in

ЖҮРІСІ (АДЫМЫ) ӨНБЕДІ

Тым баяу жүрді; діттеген жерге уақытында жете алмады.
~ Аттың жүрісі өнбеді. Ә.Шәр. ~ Санжардың буыны дірілдеп, ілгері басқан аяғы кері кетіп, жүрісі өнбей шаршады. Д.Досж. ~ …Шаршап, діңкелеп жатақханаға әзер аяқ іліктірген Санжар жүрісі өнбей, бөлмесін таппай біраз уақыт сүйретіліп жүріп алды. Д.Досж.~ Алқына жүгіріп келе жатып «Сегізінші Москва — Алматы поезы бірінші жолдан жүргелі тұр» деген диктордың қарлығыңқы даусын анық естіді. Естіген сәт буын – буыны босап, тұла бойынан дәрмен кеткендей адымы мандымады. Өліп – өшіп белеңге көтерілді. Н.Сер.