Posted in

ЖҮРІСІ МАНДЫМАДЫ

Жол қысқармады; алға басқан аяғы кері кетті. ~ Сүйретіліп кейін қайтты. Өрге қарай басқан жүрісі мандымады. Түнгі суық қатая түскен бе, денесі қалтырады. С.См. ~ Құз қияның түбінде жарым түн түнеп, таңсәріде қайта басталған көштің жүрісі мандымады. Ғ.Біл. ~ Бура түсте шығырдан босатылып, құдық маңындағы сораңға жайылысқа жіберілген. Бірақ бураның есі-дерті Сары жазық болды. Кісенді жүрісі мандымаса да, өріске қарай дәме айдап, қыбыр – қыбыр қозғала береді. С.Ел.~ Аулақ далада жылқы бағып жүр едім. Көз ұшында, елсізде бір қара көрінді. Жүрісі мандымайды. Жаяу. Ғ.Мұст.