Төтенше шаруамен, тосын жүріспен келе жатқан адам туралы. ~ Әне келе жатыр! Құнанбай кісісінің алды осы! – деді. – Жүрісі суық екен! – деп, бес қасқанын үлкені Тұрсынбай да көз тікті. М.Әу. ~ Келе жатқан мені көрген соң екеуі арман қарай жылдамдатып жөнелді. Сонсоң мен жүрісі суық адамдар екенін біліп, тез айтайын деп үйге қарай жүгірдім!.. С.Сей. ~ Әне бір Чегодаев дегеннің жүрісі суық. Кеше ғана қаланың айналасындағы казак-орыс станицаларын аралап жүргенін көрдім. Б.Тоғ.
