Адам жүрегінің нәзіктігін, қорғансыздығын, әлсіздігін сипаттайтын теңеу. ~ Несін жасырайын, «асыранды» деген сөз менің жұдырықтай жүрегіме шаншудай қадалушы еді. Б.Тоғ. ~ Әне, сонда қаланың тар көшесінен айдаса шықпай, дала дегенде сайрап өлең жазып, жұдырықтай жүректерін дар-дар айырып итке тастайтын ақындарға обал-ақ. М.Қаб. ~ Бұл – мәселенің бір жағы, екіншісіне келгенде жұдырықтай жүрек кеудені қақыратып, құс болып ұшып кете жаздайды. Қ.Жиен.
