Posted in

ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛДЫ

Ауызбірлік танытып, қоян-қолтық әрекет етті. ~ «Қылмыс» – аянышты тағдырды ащы күлкіге жасырған Шынжаң зиялылараның кешулері. Онда сүйекке түскен таңба, жанға батқан жара – жұдырықтай жұмылып кекпен біленеді. Ж.Шәк. ~ Тамам қайрансыз тіршілігінің соңы бұландатып, түлкі құйрыққа салып, соңыра алдап кетерде жер тепкілеп, тісін қайраған толайым өкініш, толарсақтай шор боп қатқан ашу– кегі де осы жұдырықтай жұмылып жатысынан аңғарылады. О.Бөк. * Дегенмен, Арыстағы ағайынның кеткені келіп, кемтігі толатын күн алыс емес. Бұл ойға қазық байлауға жұдырықтай жұмылған елдің пейілі, іс басындағы азаматтардың қарекеттері негіз болып отыр. Г.Жал.