Posted in

ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРЫҚ ЖАНДЫ (БОЛДЫ)

Мерейі асты, абырой-атағы биік болды. ~ Біздерге дейін, бізден де Қалады, өмір, қалады. Өмірмен бірге қалды де, Теңізге тамшы тамды де, Жұлдызы жарық жанды де, Жүрекке жетсе баурар ғып. Ш.Сар. ~ Ол бірінші кеште қып-қызыл капот киіп леди Капулеттиді ойнаған болатын. Түрінен, кезінде жұлдызы жарық болғаны көрініп тұр. О.Уай. ~ Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әр азамат сол жарық сәулеге сеніп, әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген. БАҚ.