Өзгеден мәртебесі биік, мерейі үстем д.м. ~ «Әншілігім» диканатқа, ректоратқа да әйгілі боп қалса қайтерсің.
Факультетаралық көркемөнерпаздар бәсекесінде де менің жұлдызым жоғары. Соның арқасында кейбір пәндерден сынақты «автоматты» түрде алып жүрдім. Қ.Жиен. ~ – Сен қанша айлаңды асырдым деп оны жасырғаныңмен, Нұрмираның өзi хабарласты. Әбдiрахманға еркiмен, ықтиярымен күйеуге тиетiн болды. – Жұлдызы жоғары, мейманасы тасыған қалып танытады. Ә.Ыб. ~ Қазан деген шаһарға Сапар қылып жол шектім, Жүрмейсің бе, жолбарысым? Жасыңнан артықталайың, Қобыланды сондай батыр ең, Жұлдызы туған жоғары, Жүрмейсің бе, құрдасым? “Қобыланды б”. ~ Алдына жан баласы именіп енетін осынау жұлдызы жоғары туған, мәртебелі лауазымның ең биік сатысында отырған әкімнің «бауырым» деген сөзі ұнады, жан әлеміне жұпар ауа сіңгендей әсер етті. Д.Дос.
