Оқыс айтылған сөз, жауап, жылдам, шешімтал қимыл, әрекеттің сипаты. ~ «Тақырдың Жылтыры» дегенде, Бекболат: — Ә, естуім бар,— деді. Жылтыр жұлып алғандай, тікірейе қарап: — Мені кім деп естідіңіз? — деп сұрады. Бекболат әнтек мүдіріп қалды да: — Көзі ашық, пысық жігіт деп естиміз,— деді. Ж.Айм. ~ Хан бетіне қан жүрді, Қисын қалай өмірді, Арағы бар, қарағы! Көзі сәуле шалғандай, Дереу жұлып алғандай Жендетіне қарады. М.Жұмаб. ~ – Ол қайда барады? – деді Сейтен жұлып алғандай. Ғ.Мүс.
