Біреуге қиянат көрсетті, озбырлық жасады, көрдей қысты. ~ Ол күнде еліміз езгіде, халқымыз қанауда еді. Орыс отаршылдығының орасан саясаты қазақшылықтың қабырғалы саясатын жұлып жеп, торғайдай тоздырумен болды. І.Жанс. ~ Кейбір замандастарында кездесетін біреуді жұлып жеп, біреуді алдап, біреуді арбап жеп, ойды қырға, қырды ойға қағыстырып табанын жалаған қулығы да жоқ. Қ.Ысқ. ~ Жарғақ құлағым жастыққа тимей жанымды жұлып жедім. Біреуді алдадым, біреуден алдандым. Алыстым-жұлыстым. Жаным азды, тәнім тозды. Сөйтіп жүріп жүз сомым – мың, мыңым – миллион болды. Сондағы шыққан ұшпағым осы ма? Өл енді өстіп шіркейге жем болып!.. Т.Сәу.
