Posted in

ЖҰМЫСЫ ЖОҚ

Әлдебір мәселеге еш ықылас қоймау, қызығушылық танытпау, немкеттілік туралы. ~ Қазақтың дүниада болған-болмағанымен жұмысы жоқ депутаттар, хкүкімет кіргізген проект қандай болса да, жарайды деп қабыл ете салады. Қазақ үшін ойланып бастарын ауыртпайды. А.Байт. ~ Көбіне оқытты деген құр аты болса, соған қанағаттанады. Қалай оқытып, не білдіріп жатқанымен жұмысы жоқ. А.Байт. ~ Баласын оқытумен жоқ жұмысы, Ел бұзу, малын шашу – барлық ісі. Ойлаған бір күн бұрын таңдағы істі, Япырым-ау, айтсаңдаршы, бар ма кісі? М.Жұм.~ Өзі де бір бақ деген малды бағып, істе деген шаруаны істеп жүре беретін көлденең сөзде жұмысы жоқ, қой аузынан шоп алмастың өзі еді. С.Шай.