Posted in

ЖҰМЫСҚА ПІСКЕН (ПІСІП – ЖЕТІЛГЕН)

Жұмыс істеп жетілген, шыныққан. ~ Айша ақырын күліп қойды. Бұл орта бойлы, толық етті, шымыр, тұтас біткен, қайратты әйел еді. Денесі жұмысқа піскен. Сом дене. М.Әу. ~ Желге, күнге тигізбей әлпештеп бақпақ. Сөйтіп, тұтас бір ұрпақты ақсаусақ қылып тәрбиелеп жатырмыз. Бұрын қала балаларына қарағанда ауыл балалары қара жұмысқа пісіп-жетілген, шыныққан, шымыр, ықыласты, ынталы болушы еді. Қазір қаланың да, даланың да баласы саусағын қимылдатқысы келмейді. БАҚ “ЕҚ”.