Posted in

ЖӘБІР-ЖАПА ШЕКТІ (КӨРДІ, ҚЫЛДЫ)

Зорлық-зомбылық көрді; біреудің қиянатына душар болды. * Қожықты әркім өз қара басының көрген жәбір-жапасына қарай ұры-қары, жол тонағыш, қанішер, зұлым дейтін. Мұның бәрі де дұрыс еді. Қожық адам қанына талай шомылған хайуан. Ғ.Мүс. Лай суға қуанған шортандардай Бұйырғанын құлқынға салып жатыр. Жәбір- жапа көргендер жалынысып, Ғаділетті төреге шағып жатыр. Ж.Айм. * Сол кездегі сал- серілердің негізгі мақсаты ел аралап жиын- тойда сауық құрып, өнер көрсету, шапқыншылықтан жәбір- жапа шеккен елдің қайғысына ортақтасып қамыққанды жұбату, ойын- тойдың көркі болу еді. Н.Әбут. * … өзіміз содан қаншама жәбір- жапа шегіп жүрсек те, айналып келгенде Әжібексіз таңымыз атпайтындай, күніміз батпайтындай боламыз да тұрамыз. С.Мұр. * Өзімнің қазағымнан мал алмаймын, Алам деп обалына қала алмаймын. Жұртымның өле- өлгенше қорғанымын, Халқыма жәбір- жапа қыла алмаймын. С.Сері.