Зорлық көрді; таяқ жеді, қорланды. ~ “Үшбуден кейін ұрлық қылсам, ғайбат айтсам, боржай деп қорқытсам, інсанға жәбір салсам, Алланың қаһары, кәламның киесі атсын!” Қ.Шаб. ~ Ендеше Злиханы көңілсіздікке салушы кім? Кімнің тілі тиді? Кімнен жәбір көрді? Бүл сұрауларға Злиханың өзі де жауап бере алмайды, жауап іздеген де жоқ, осы сұрауларды шешіп алудың керектігін ойлаған да жоқ. Б.Май. ~ Келесі жылы жаз шыға, әулиеата, Мерке тұсына көшіп, Қоқан хандығынан жәбір жеген қырғыз елін, Сайрам, Шу, Сыр бойының қазақтарымен біріктіріп, қайтадан жауына қарсы шықпақ болған. І.Ес.
