Posted in

ЖӘРДЕМ (КӨМЕК) ҚОЛЫН СОЗДЫ

Қолқабыс қылды. ~ Қарындасының өңi сұлқ сынып, жаңағы насат шарпыған кейпi лездiң арасында үштi-күйлi жоғалыпты. Бұл нағашыларының жәрдем қолын созғанын іштей ұғынды. Ә.Ыб. ~ Құдайдың жәрдем қолын созғанына мың мәрте шүкiршiлiк еттi. Ә.Ыб. ~ Соншалықты тойымсыз салтанаттың не қажеті бар? Сәл-пәл кемірек, кішірек етіп салып, осылардың әрқайсысы бір-бір қазақ мектебіне көмек қолын созса ғой?! ― деді және біреу. М.Байғ. ~ Ел болып аза тұтып, әлеумет олардың отбасыларына көмек қолын созып, қайғыларына ортақтасып жатты. Тағдырдың жазуына не шара?! Ш.Құм.