Жаудырап қараған үлкен, әдемі көздер. ~ Тек мөлиіп қарай беремін. Үздігіп, үңірейіп қараған сайын қыз қабағын шытып, қалың, қайқы кірпік қамалаған жәудір көзін алып қашады. Т.Сәу. * Машина изенді қоңыр дөңде үсті-үстіне шоқалақтай берді. Бұл жолы көз алдында — тек Жамал. Оның үп-үлкен жәудір көзі. Лүпілдеп тұрған ұп-ұлпа ақ тамағы… Ә.Кек. * Төр жақта әукесі салбыраған мүйізі абажадай бұғының басы. Босағада жәудір көз елік… Еліктің жоғарғы жағында дөңгелек сағат тықылдайды. Ә.Асқ.
