Posted in

ЖӨНІН АЙТТЫ

Шын сөзін айтты, ойын жасырмады. ~ Құлтума жаратпаған кісіше бетін тыржитып, қоздайтын қойша ыңыранды. – Ашуыңыздың жөнін айтуға болмай ма? – деп біреуі тағы өкшеледі. Құлтума теріс қарап, жауырынын құрыстырып: – Малды сонша қинай ма екен, – деп күбір етті. Ж.Айм. ~ Ал сен жүз тайыншаны таяғыңа қаратып жүрсің, — деп апасы мырс етті. — Жазған- ау, мақтанғанша сөздің жөнін айтпайсың ба? Баланы басқа секіртетін «әкем- көкем» емес пе? Д.Әш. ~ Оған уақытымыз тарлау болып тұр. Амандық болса әлі талай келеміз ғой, — деді жігіт жөнін айтып. Қ.Жұм. ~ Қария айырыларда жөн сұрады. Жігіттер жөндерін айтты. ҚАӘ “Малхуан сұлу”.