Не нәрсенің де тетігін, сырын біледі. ~ Тау іші, тұмсық айналса, адастырады. Сойыл салым жерге, ылдиға түссе, жердің жөнін білетін ұры көз жаздыруға жарайды. М.Әу. ~ Құрманбай осы бір жерде пайда бақыр таба қоямын дейтін кез томақ жігіт емес-ті. Қайта, әр нәрсенің жөнін білетін, топта торай бермейтін көсілген көсем, суырылған шешен, самыржақ болмағанымен, сөзден ешкімге есесін жібермейтін жігіт еді. Б.Қыд. ~ Шіркін, Қосекең жігіттің сырбазы ғой. Не нәрсенің болса да жөнін біліп, қиюын келтіріп лыпып тұрғаны. Табан астында тапқырлық танытты. Т.Сәу.
