Өз орнын, өмірлік жолын тауып, жөніне кетті. ~ Өгей деп өңменінен итермес, өзім деп бауырына басар деп ем балаларымды. Адасқан екем. Кеш болса да, жөнімді табайын. Б.Мом. ~ Ондай ойы болса, бітеу жарадай сызданбай, «керегің жоқ, кете бер» демей ме? Олай десе, «күрекке тезек қашанда табылады», Бөкен мана кеште- ақ өз жөнін табар еді… Д.Әш. ~ Ойбай, жетесіз қар- ай! Жүріп- жүріп сені албасты басты ма?! Осының оң жақта отырып қалғанынан шошып едім ғой! Сонда да ең болмаса қатыны өлген шалға шықса да жөнін табар деп ойлаушы едім ғой. С.Досж. ~ … жан-жаққа тарап, өзіміз күн көрген тіршіліктің жалынан ұстап, жөнімізді тапқанбыз. О.Сәрс
