Алғаш кездескен адамдардың (жолаушылардың) аты-жөнін, руын, шыққан, бара-жатқан жағын сұрасып, бір-бірімен білісуі. ~ Бірақ бұл елдің Ақшоқылық болып, бас қосып, Қосымнан тараған үш ру табай, томай, қауынгердің өзара жөн сұраса бастағаны кеше ғана. Т.Әбд. ~ Сегіз серінің бұл айтыс өлеңі «Жастық» деп аталады. Төре ауылынан шығып, біраз жүрген соң Ырғыз өзенінің бойында Сегіз серіге Сауқым Бөкейұлы, Ермұхамбет (Елекей) Қасымұлы деген екі төре кездесіп, амандасып жөн сұрасады. Н.Әбу. ~ «Оһо, кереметсің ғой-ей!.. Әкелші бесті, бір бөтелке менен. Менікі жүз он жеті!..» деп, университет бітірдім деген кісіше мақтанышпен жайбарақат жөн сұрасып тұрғаны. Т.Сәу. ~ Жарығым, қай жерде жүр екен?.. О- ой, жалған- ай…- деді Қадауқара кемпір ауыр күрсініп. Тек осыдан кейін ғана жөн сұрады. С.Мұр. ~ Алдарында тау шұбар атты бір дәу келеді, соңында бір- бір жетегі бар бес адам. Жөнін сұраймыз ғой баяғы. – Шұбыртпалы жұртымыз, ныспым – Ағыбай, – деді дәу. Т.Жұрт.
