Posted in

ЖӨН ТАРТТЫ

Жолға шықты, аттанды, жөніне кетті, кетіп қалды. ~ Байдың бір жаққа кеткенін аңдып жүріп, қалада пəтерде жатып, кешкі абыр-сабыр кезінде қаладан шығып, жөн тарттық. Ж.Айм. ~ Басына Ыбрайдың қара бөкебайын бос салып, белі мықтап буулы екі бүйірін таянып: «Душар болдым дерт қатты, Науқастанды дерт батты. Алғанын тастап сарбазым Алыс жолға жөн тартты!..» деп, Ыбрайдың жанынан артық көретін жары Зейнеп отыр еді. Б.Майл. ~ Ақпан үн-түнсіз тысқа шықты да, белдеуге байлаулы атына мініп әлдеқайда жөн тартты. С.Мұқ.