Posted in

ЖӨРГЕГІНДЕ ҚҰРТТЫ

Туа сала жолын кесті, көзін жойды. ~ Шың Шысай үкіметі: «Күн жылынып, жаз шықса, Оспанның етек-жеңі кеңіп,
Алтай тауына шығып кетсе, еркін қимылдап, бой бермей кетеді. Ең жақсысы, құмдағы қиынқыстау кезінде
талап, бас салып жөргегінде құрту керек» дейді де, 1942 жылы наурызда Бүрбіжап атты моңғолды қолбасы
етіп, 200 жасақ аттандырады. Ж.Шәк. ~ Ол Қазақстанда және бірінші кезекте барлық адамзаттың прогреске ұмтылған арлы, зиялы қауым мүшелерінің белсенді қолдауымен, өзінің өмірге келуін бүгіннің өзінде қайта бастап кете алады. Тек талай жақсылықты жөргегінде құртатын қызғаныштан аулақ қылсын, Алла. С.Ақат.