Posted in

ЖӨРГЕГІНДЕ ТҰНШЫҚТЫРДЫ

Ертеден жолын кесті. ~ Пікірлер қақ жарылған. Бір жағы жұмысты жоғары бағалап, қойылымға жіберуді қолдаса, екінші тарап «бұл халықтың намысына тиетін, басқа жұрттың алдында біздің елді масқаралайтын түсірілім» деп, жөргегінде тұншықтырып, үнін өшіріп тастауды ұсыныпты. С.Үс. ~ Әкесі от болғанда, шешесі су болған бұл тіршіліктің алғашқы күннен көрмеген құқайы жоқ. Қатыгез әке-шеше ғайыптан жаратып алған перзентін «жөргегінде» тұншықтыру үшін істерін істеп-ақ бақты. Е.Әлім. ~ 1939 Сартоғай, Бұлғын шайқастарынан секем алған жау қолы шайлыққан жүрегіне кек орнатып, ұлт азаттық күресін жөргегінде тұншықтыруға ұрынады. Ж.Шәк. ~ Әуелгісі – тарих емес, тарихқа кіріспе, соңғысы ғылым емес, танымдық деректеме ғана. Жинақтап келгенде, түк те жоқ екен. Болатын еді – темір тордан шыға алмады, болған еді – жөргегінде тұншықтырылды. Ғылымы тұрыпты, өзінің жарық дүниеде болғаны екіталай. Ендеше, бұдан әрі өмір сүрудің де жөні жоқ. М.Мағ.