Posted in

ЖӨРГЕГІНЕН (ЖӨРГЕГІНДЕ) ҚАҒЫНДЫ (ҰШЫНДЫ)

Жастайынан бұзылды. ~ ЖАМАЛ: — Жиырма екідегі дардай жігіт «сары ауыз балапан» бола ма?.. Қазіргі жастардың бәрі жөргегінен қағынып туған. Б.Тоғ. ~ Г ү л ж а н. О, бейбақ, жөргегіңнен қағынып, сол кезде-ақ сорлы сұмпайының қамытын киген екенсің ғой… Қ.Мұх. ~ Жөнін ұқпай, жөргегінде қағынды Ол, Жүлдыз жақтан жұпар самал есті де. Жер, суға емес, аспан жаққа табынды Ол, Ақылымнан ат құйрығын кесті де. Ә.Қай. ~ Бұл не сонда? Тарихи заңдылық па, жоқ, тарихтың тәлкегі мен мазағы ма? Әлде, жөргегінен ұшынған кекті бесіктің зауалы ма? Кім білсін. Т.Жұрт.