Posted in

ЗАЛАЛ ЖАСАДЫ (ІСТЕДІ, КЕЛТІРДІ)

Зияны тиді. ~ Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. Абай. ~ 1937–1936 жылдардағы репрессиядан М.Жұмабаев тұрғыластарының поэзиясы кейінгі ұрпаққа беймәлімдеу болып келді. Лириканың алтын жібінің арқауы үзілді де, поэзияның табиғи арналы ағысына, дамуына кері ықпалын тигізіп, орасан зор залал жасалды. Ш.Сар. ~ Қаптағы бес бөлтірік, бүгін бөлтірік болғанмен, ертең күз бастала бес қасқыр боп шыға келер еді… Көп малға залал істер еді олар. Сол көп малды ажалдан арашалап ап тұрған жоқпыз ба? С.Мұқ.~ Біздің рұқсатымызсыз қасқыр аулады, табиғи ортаға айтарлықтай залал келтірді. Қ.Жиен.